Путин санкцияларды алып тастауға шақырды

Ресей президенті Владимир Путин «Солтүстік ағын -2» газ құбырына қатысты санкцияларды алып тастауға шақырады.

Алматы, NEGE. Ол Самарқанда өткен Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммитінде Еуроодаққа қатты қажет болса, шектеулерді жеңілдете алады деп мәлім етті. Айтуынша «Газпром» да, Ресей де келісімшартқа сәйкес барлық міндеттемелерді орындайтын болады. Еске сала кетсек, 22 ақпанда Германия «Солтүстік ағын-2» газ құбырын сертификаттауды тоқтатқан болатын.

Владимир Путин, Ресей президенті:

– Қажеттілік туындап тұрса, «Солтүстік Ағын -2» газ құбырына қатысты санкцияларды алып тастасын. Бір ғана шешім арқылы жылына 55 млрд текше метр газ жеткізілетін болады. 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті