Путин: Ресейдің Украинаны басып алу мақсаты жоқ
Ресейдің Украинадағы басты мақсаты – Донбасс халқына көмектесу.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Владимир Путин Украина мен елге салынған санкцияларға байланысты аймақтарды әлеуметтік-экономикалық қолдау жиынында мәлімдеді. Оның айтуынша, әу баста Киев билігіне Донбасстан әскерді әкетіп, қарулы қақтығысқа түспеу туралы ұсыныс жасалған. Бірақ олар бұдан бас тартыпты. Біздің әскер тек өзін-өзі жариялаған халық республикалары аумағында әрекет етуі толыққанды бейбітшілікке әкелмес еді, Ресейге төнген қауіп те сейілмейді деді Путин. Ресей басшысы экономикалық санкциялар мен Батыс елдерінің ресейліктерге деген қарым-қатынасына да тоқталды.