Путин Ресейде ішінара мобилизация жариялады

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ел халқына үндеу жасап, ішінара мобилизация жүргізілетіні туралы хабарлады.

Алматы, NEGE. Мобилизациялау шаралары 21 қыркүйекте басталады.

"Үкіметке және Қорғаныс министрлігіне әскери халықтық милицияға құқықтық мәртебе беру туралы тапсырмалар берілді", – деді Владимир Путин. 

Яғни, мобилизацияға шақырылған Ресей азаматтарына келісімшарт бойынша әскери қызметтен өтушілердің мәртебесі беріледі және солармен бірдей төлемақы алады. 

Ресей президентінің түсіндіруінше, мобилизацияға запастағы, және бірінші кезекте Қорғаныс құштерінің қатарында қызметтен өткен, әскер мамандығы және тәжірибесі бар адамдар тартылады. Оған қоса, арнайы әскери операция тәжірибесі ескеріле отырып, мобилизацияланған адамдар міндетті түрде қосымша әскери дайындықтан өтеді. 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті