Путин Назарбаевқа денсаулық тіледі

Ресей президенті Владимир Путин жүрегіне ота жасаған Қазақстанның бұрынғы көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Алматы, NEGE. «Әрине, президент (Путин) Нұрсұлтан Әбішұлының өзі жасаған операцияға байланысты тезірек сауығып кетуін тілейді. Біз де Мәскеуде оның тезірек сауығып кетуін тілейміз», - деді Песков журналистерге берген сұхбатында.

Назарбаевтың жүрегіне жасалған операция сәтті өтті, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір Назарбаев дәрігерлердің бақылауында.