Путин Назарбаевқа арнайы бейнеқұттықтау жолдады

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Елбасына арнайы бейнеқұттықтау жолдады, деп хабарлайды elbasy.kz.

Алматы, NEGE. «Мен біздің көпжылдық достығымызды қадірлеймін және мақтан тұтамын. Алғашқы кездесуімізден бастап арамызда ашықтығымен және кез келген күрделі мәселелерді бірлесіп шешуге дайын болуымызбен ерекшеленетін шынайы жолдастық қарым-қатынас орнады.

Сіздің даналығыңыз бен көрегендігіңізді, зор жауапкершілігіңіз бен салмақтылығыңызды, өмірлік және басқару тәжірибеңізді барша жұрт мойындады. Сіз өз еліңізде және Ресейде, сондай-ақ бүкіл әлемде көрнекті мемлекет қайраткері және нағыз көшбасшы ретінде жоғары беделге ие болдыңыз. Осы жылдардың ішінде Сіз ұлттық келісімді, тарихи, мәдени дәстүрлерді сақтай отырып, Қазақстанның тұрақты дамуына, болашаққа нық сеніммен қадам басуына зор еңбек сіңірдіңіз», - деді Владимир Путин.

Қазір оқып жатыр

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Астана әуежайында 15 сәуірден бастап рейстер кестесі өзгереді

Қазақстанда жылу электр орталықтарын Ресейдің орнына Сингапур салатын болды