Путин медициналық бетпердені қымбатқа сатқан дәріханаларды жабуды талап етті

Сәрсенбі күні үкімет мүшелерімен кездескен Ресей президенті Владимир Путин вирусқа қарсы дәрі-дәрмек пен бетперде бағасын қымбаттатқан дәріханалардың лицензиясын тартып алуды талап етті.

Алматы, NEGE. Путин үкіметке коронавирусты сылтау ғып түрлі алаяқтық, өсімқорлық әрекеттерге барғандардың жолын кесуді тапсырды.

Бұған дейін РФ вице-премьері Татьяна Голикова дәріханаларда вирусқа қарсы дәрілер мен бетперде бағасының қымбаттағанын, тіпті кейбір дәріханалар бағаны жүз есеге көтергенін мәлімдеген еді.

Қазір оқып жатыр

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды