Путин компьютерді «қақпайды»

Ресей президентінің ресми сайты жуырда Владимир Путиннің жұмыс кабинетінен бірнеше фото жариялаған. Көпшілік көре қоймаған қызық жайтты британдық Daily Mail басылымы байқап қойыпты.

Алматы, NEGE. Путиннің компьютерінің бетінен ең бірінші көзге түсетіні – Кремльдің суреті. Басқа нәрселерді анықтап- ажыратып көру мүмкін емес. Бірақ, британдық басылымның жазуына қарағанда, Путиннің компьютерінде 2001 жылы шыққан Microsoft Windows XP операциялық жүйесі орнатылған. Экранның төменгі жағындағы ашық-көк панель дәл осы ескі бағдарламаға тән. Microsoft компаниясы бұл бағдарламаны 2014 жылы тоқтатып тастаған және дәл оның «қауіпсіздік деңгейі әлсіз екенін» ескерткен.

Ресей президенті Владимир Путин смартфон ұстамайтынын, интернетті өте сирек пайдаланатынын өзі де, баспасөз хатшысы да бірнеше мәрте айтқаны есте.  

Қазір оқып жатыр

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды

Қазақстандық футбол ардагерлері Давид Лорияны қолдап, федерацияға хат жазды

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды