Путин қыздарын тағы да мойындамай қойды

Тілшілерге берген сұхбатында Ресей басшысы Владимир Путин ересек қыздары туралы ағынан жарыла қоймады. Бұған дейін де Путин қыздары туралы ешбір сұраққа жауап бере қоймап еді. Барлық сарапшылардың пікірінше "Иннопрактика" жетекшісі Катерина Тихонова және эндокринолог-дәрігер Мария Воронцова Путиннің қыздары болып табылады. Оларды мойындамаса да, Путин мысалы "Иннопрактика" қызметінен жақсы хабардар болып шықты.

Мария Воронцова. Фото: YouTube

Мария Воронцова - Путиннің үлкен қызы деп есептеледі. Ол туралы Ресей басшысы еш уақытта ақпарат берген емес. Воронцова дәрігер және ғалым. 

2011 жылы МГУ фундаменталды медицина факультетін тамамдады. 2014 жылға дейін балалар эндокринологы болып ординатурада қызмет етті. Одан кейін аспирантураға түсті.  Ғылыми диссертациясын Воронцова екі жыл бұрын қорғады

Катерина Тихонова. Фото: Spletnik.ru

Катерина Тихонова. Путиннің кіші қызы болып есептеледі. Ол да ғылыми диссертациясын қорғап алды. "Иннопрактика" ғылыми тобының жетекшісі.

Ресейде Путиннің қыздары-ау деген азаматшалардан аяқ тартатын жазылмаған заң бар. Оған Катерина Тихоноваға жақын танысы болып келетін Нидерланды азаматын соққыға жыққан Матвей Уриннің оқиғасы дәлел. Банкир Урин 2018 жылы колониядан босап шықты. 

Қазір оқып жатыр

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды