12 октября 2023 г. 15:32
Путин Қырғызстан президенті Жапаровты «Құрмет» орденімен марапаттады
Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты «Құрмет» орденімен марапаттады.
Алматы, NEGE. Марапат Қырғыз-Ресей қатынасын дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін берілді. Тиісті құжат Ресей Федерациясының ресми құқықтық ақпарат порталында жарияланды.
«Ресей Федерациясы мен Қырғыз Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарын нығайтуға, еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістерді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Нұрғожаұлы Жапаровты «Құрмет» орденімен марапаттаймыз», - делінген құжатта.