Путин: Кездесуге екеуміз де құлықты емеспіз

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысын жоғары бағалады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. Естеріңізде болса, Н.Назарбаев Путин мен Зеленскийдің кездесуін Астанада ұйымдастыру туралы ұсыныс айтқан.

Алматы, NEGE. Путиннің айтуынша, Назарбаев Украина президентіне «мәселені көршілермен шешу керек және оның шешімін сырттан іздемеген жөн» дегенді ескерткен.

«Әзірге «норманд» форматына дейін кездесу жоспарда жоқ. Өйткені біз «нормандта» кездесеміз деп келісіп қойғанбыз», – деді В.Путин БРИКС саммиттінің қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында.

Назарбаевтың ұсынысын қолдағанымен, Путин Зеленскиймен кездесуге аса құлық танытып отырған жоқ. «Мұндай кездесуді жақсылап ұйымдастыру керек. Менің ойымша, кездесуге ешкім құлықты емес. Мен де, президент Зеленский де. Өйткені біз қандай да бір нәтижеге жетуіміз керек қой», – деді Путин.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді