Путин Қазақстанға келеді
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин қазан айының ортасында Нұр-Сұлтанға баруды жоспарлауда, деп хабарлады ТАСС.
Алматы, NEGE. «Егер президенттің жалпы сыртқы саяси кестесі туралы айтсақ, ол барынша қарбаласқа толы (…) Біздің басшының Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім
шаралары жөніндегі кеңес Саммитіне қатысады деп жоспарлунда, ол Нұр-Сұлтанда өтеді. Және сол жерде, Нұр-Сұлтанда ТМД саммиті өтеді. Ол қазанның ортасында, 12-14 күндері өтеді», - деді ресейлік президенттің көмекшісі Юрий Ушаков.
Сонымен қатар, ол нақтылағандай, Путин «Ресей-Орталық Азия» форматындағы жоғары деңгейдегі кездесуге қатысуды жоспарлап отыр.
Басылым атап өткендей, қыркүйекте Путин Самарқанға (Өзбекстан) ШЫҰ саммитіне, қазанда Қазақстанға барады. Ол жерде де бірқатар кездесулерге қатысады.