Путин Қазақстанның бес азаматтын Пушкин медалімен марапаттады

Ресей президенті Владимир Путин бес қазақстандықты Пушкин медалімен марапаттады.

Алматы, NEGE. «Ұлттар мен ұлыстардың мәдениеттерін жақындастыру және өзара байытудағы жемісті қызметі үшін Пушкин медалімен марапатталсын», - делінген Путиннің жарлығында.

Құжатқа сәйкес, ресейлік медальмен Қазақстанның келесі азаматтары марапатталды: 

- «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедьяров;

 - Шымкент қалалық орыс драма театрының директоры Игорь Вербицкий; 

- Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы Валерия Крымская; 

- Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Садықов;

 - «Славяндар» қоғамдық-мәдени бірлестігінің төрайымы Галина Щербакова.

Естеріңізге сала кетейік, Пушкин медалімен шетел азаматтары Ресей Федерациясымен мәдени байланыстарды дамыту мен нығайтуға қосқан зор үлесі, орыс мәдениеті мен өнерін қолдаудағы жемісті қызметі, орыс тілі мен әдебиетін насихаттау және таратудағы белсенді қызметі үшін марапатталады.