Путин, Алиев және Пашинян Таулы Карабах бойынша кездесу өткізді

Ресей президенті Владимир Путин, Әзербайжан президенті Ильхам Алиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Карабах бойынша Мәскеуде бас қосты.

Алматы, NEGE. Үш жақты келіссөз барысында тараптар аймақтағы мәселелерді шешу жолдарын талқылап, Карабахтың дамуына қатысты бірнеше құжатқа қол қойды. Саясаткерлер аймақтың экономикасы мен көлік инфрақұрылымының дамуына ерекше назар аударды. Бекітілген уағдаластықты іске асыру үшін Ереван мен Баку тарапынан жұмыс тобы құрылмақ. Ал екі елдің  әскери тұтқындарды бір біріне қайтару мәселесі толығымен шешілмегендіктен келіссөздер алдағы уақытта да жалғасын табатын болды.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян: "Әскери тұтқындардың мәселесі толығымен шешілген жоқ. Бұл тараптар үшін өте маңызды болғандықтан жақын арада аталған тақырып қайта талқыланады" десе, Әзербайжан президенті Ильхам Алиев:  "Армения мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынас реттеле бастады. Қарашаның 9-ы күні мақұлданған келісім қайта қаралмайды деген үміттемін. Екі ұлт та даналық танытып, болашақты ойлау керек" деді.

Қазір оқып жатыр

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды