Путин үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі алаңдатып отырғанын мәлімдеді

Ресей президенті Владимир Путин әлемнің үшінші дүниежүзілік соғысқа қарай сырғуы мүмкін екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жағдайға Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күшеюі де себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды РБК. 

В.Путин. Фото: Кристина Кормилицына/РИА Новости

АЛМАТЫ, NEGE. Президенттің сөзінше, қазіргі геосаяси жағдай – соның ішінде Украинадағы қақтығыс пен Иранның ядролық объектілері төңірегіндегі шиеленіс – әлемдік қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді.

«Қақтығыстардың әлеуеті өте жоғары, және бұл бізге тікелей әсер етеді. Украинадағы жағдайдан бөлек, Иранның ядролық объектілері айналасындағы ахуал да алаңдатады», – деді Путин. Оның сөзін РБК тікелей эфирде таратты.

Ресей басшысы Таяу Шығыстағы жағдайға ерекше назар аудару қажет екенін айтып, барлық тараптарды қақтығысты бейбіт жолмен шешуге шақырды.

«Бүгін біз осындай күрделі мәселелерді талқылау үшін жиналдық. Бұл дағдарыстарды дипломатиялық жолмен шешу маңызды», – деп қосты ол.

Қазір оқып жатыр

Астанада лауазымды тұлғаның қателігінен педагогтер әлеуметтік аударымнан қағылған

Тоқаев туристік сала мен балалар спортын қолдауға арналған заңға қол қойды

Астанада 15 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды: қанша стипендия бөлінді?