Путин Украинамен келіссөздер жүргізетін делегация құрамын бекітті

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Украинамен келіссөздер жүргізетін ресейлік делегацияның құрамын бекітті.

ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресей президентінің жарлығына сәйкес, делегацияны президенттің көмекшісі Владимир Мединский басқарады.

Келіссөздер тобына сондай-ақ Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин, Қарулы күштер бастығының орынбасары Игорь Костюков және Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин кірді.

Еске сала кетейік, Ыстанбұлда Ресей мен Украина арасындағы шешуші келіссөздерге АҚШ-тың қатысуымен дайындық жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?