Путин Украинада атысты тоқтату туралы ұсынысқа пікірін айтты

Ресей президенті Украинадағы атысты 30 күнге тоқтату туралы АҚШ-тың ұсынысын қолдайтынын айтты. Алайда шарты бар екенін мәлімдеді.

Maxim Shemetov/Reuters

Алматы, NEGE. «Біз әскери қимылдарды тоқтату туралы ұсыныстармен келісеміз, бірақ олар ұзақ мерзімді бейбітшілікке әкелуге және дағдарыстың негізгі дсебептерін жоюға бағытталған болуы тиіс», - деді Кремль басшысы.

Бұған қоса Путин бітімге дайындық үшін америкалық әріптестермен келіссөз жүргізу керек екенін және Трамппен сөйлесуі мүмкін екенін мәлімдеді.