Ресей жаңа қару түрін сатып алды ма?

Ресей жақын арада жаңа қару-жарақ алғанын жариялауы мүмкін. 

kremlin.ru

Алматы, NEGE. Сынақтар сәтті өтіп жатыр, деді Ресей президенті Владимир Путин Тәжікстанға сапарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабар таратты.

– Жақында біз бұрын жариялаған жаңа қаруларымызды таныстырамыз. Қазір олар сынақтан өтіп жатыр, –деді Ресей басшысы.

Путин Ресей қарулардың сапасы қандай екенін атап өтті.

– Біздің ядролық тежеу құралының инновациясы кез келген ядролық мемлекетке қарағанда жоғары. Мұның барлығын өте белсенді түрде дамытып жатырмыз. Бұрынғы, өткен жылдары айтқан сөздерімнің барлығы әзірлену үстінде, біз оны пысықтап жатырмыз, - деді Ресей президенті. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді