Путин Қазақстан Президентінің атына Республика күніне орай құттықтау жеделхатын жіберді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп жатыр.

Ақорда

Алматы, NEGE. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин жеделхатында екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында табысты дамып жатқанына, сондай-ақ Мәскеу мен Астана түрлі көпжақты құрылымдар аясында белсенді байланыс орнатқанына тоқталды.

– Бірлескен күш-жігеріміз арқылы халықтарымыздың игілігі және Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту жолында екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағытын одан әрі жандандыра түсетінімізге сенімдімін, – деп жазды Владимир Путин.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін