Путин Ақтау маңындағы ұшақ апаты үшін Әзербайжан президентінен кешірім сұрады

Ресей президенті Владимир Путин Әзірбайжан президентінен кешірім сұрады, деп хабарлайды РФ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ресей тарапының бастамасымен Владимир Путин мен Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев телефон арқылы сөйлесті.

Владимир Путин қайғылы оқиғаның Ресей әуе кеңістігінде орын алғаны үшін кешірім сұрап, қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Қоңырау барысында Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты мәселелер талқыланды.

«Кесте бойынша Әзірбайжанның жолаушылар ұшағы Грозный әуежайына бірнеше рет қонуға әрекеттенді. Бұл кезде Грозный, Моздок және Владикавказға украиналық жауынгерлік пилотсыз ұшу аппараттары шабуыл жасаған, ал ресейлік әуе қорғанысы бұл шабуылдарға тойтарыс берді», - деп хабарлады Ресей СІМ.

Ресейдің Тергеу комитеті ҚК 263-бабы (Әуе көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Бастапқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, азаматтық және әскери мамандардан жауап алынуда.

Әзірбайжан Бас прокуратурасының екі қызметкері Грозныйда жүргені, олар Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы мен Тергеу комитетінің өкілдерімен бірге жұмыс істеп жатқаны хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады