«Пустынное» комбинатында жұмысшы қаза тапты

«Алтыналмас» компаниясына қарасты «Пустынное» тау-кен байыту комбинатында жұмысшы қаза тапты.

«Алтыналмас» компаниясы

Астана, NEGE. Оқиға 23 шілде күні сағат 11:30 шамасында кәсіпорынның өндірістік нысандарының бірінде болған. Компания мәліметінше, екінші сатыдағы ұсақтау корпусының конвейер машинисі Кәрім Рымбаев қаза болған.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын уәкілетті органдар анықтап жатыр.

Компания марқұмның туыстары мен әріптестеріне көңіл айтып, оның отбасына қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады.