ПТР анықтамасыз ұшып келген төрт адамнан коронавирус анықталды

2021 жылдың 22 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 26 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Алматы, NEGE. 3708 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 688 адам, анықтамасыз 20 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2014 жолаушы, анықтамамен - 2 008, анықтамасыз - 6; Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, барлық 659 жолаушы анықтамамен келген; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 474 жолаушы, анықтамамен - 462; анықтамасыз - 12; Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 420 жолаушы, анықтамамен - 418; анықтамасыз - 2; Қарағанды қаласының әуежайына 1 рейс, барлық 141 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 21 наурызда шетелден анықтамасыз келген 177 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Оның ішінде үш жолаушы Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Киев – Алматы рейсімен келген.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті