ПТР анықтамасы жоқ 34 жолаушы карантинге жатқызылды
ПТР анықтамасы жоқ жолаушылар арнайы стационарға жатқызылды.
Алматы, NEGE. 34 қазақстандық арнайы стационарға жатқызылды. Олар ПТР анықтамасыз елге оралған. Түнде Нұр-Сұлтан әуежайына 3 ұшақ келіп қонды. Рейстерді Air Astana, «Белавиа» және Scat әуе компаниялары жүзеге асырды. Барлығы 369 жолаушы ұшып келген. Еске салайық, Шығыс Қазақстан облысындағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін ведомствоаралық комиссияның төрағасы Ералы Тоғжанов бірқатар шектеу шараларын қабылдауды тапсырды. Енді 2 қарашадан бастап Өскемен-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша аптасына 17-ден 7 рейске дейін қысқартылды.