ПТР әдісімен тестілеуден өтуі тиіс азаматтардың санаты белгілі

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың 6 маусымдағы қаулысына сәйкес Қазақстанда ПТР әдісімен тестілеуден өтуі тиіс азаматтардың санаты бекітілді.

Алматы, NEGE. ПТР әдісімен тестілеуге мына азаматтар жатады: 1.1. Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша: 1) СОVID-19-бен провизорлық және инфекциялық аурулар стационарына жатқызылған адамдар; 2) ЖРВИ және пневмониясы бар науқастар; 3) оқшаулаудың 1 және 7 күнінде COVID-19 науқастарымен жақын байланыстар қатарындағы адамдар; 4) байланыс фактісі анықталған кезде COVID-19 науқастарымен ықтимал байланыстар қатарындағы адамдар; 5) клиникалық хаттамаға сәйкес амбулаториялық емдеуде және МСАК-ның медициналық бақылауындағы COVID-19-бен ауыратын науқастар; 6) СОVID-19 симптомы жоқ вирус тасымалдаушылар симптомсыз вирус тасымалдаушылық фактісі анықталғаннан кейін 10 күніне.

1.2.Профилактикалық мақсатта: 1) ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан автоөтпелерде және темір жолда Мемлекеттік шекараның өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келетін азаматтар; 2) шет елден авиарейспен келетін адамдар; 3) COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері (инфекциялық аурулар стационарлары, пульмонологиялық стационарлар (бөлімшелер), стационарлық изоляторлар (симптомсыздар үшін), карантиндік объектілер (дені сау адамдар үшін), стационарлардың қабылдау бөлмелері, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың сүзгілері, жедел жәрдем бригадалары, ПТР диагностиканы жүзеге асыратын зертханалық мамандар, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері) айына 1 рет; 4) әскери бөлімдерге келген әскерге шақырылушылар. Қаулының толық нұсқасын мына сілтемеден оқуға болады. 

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?