ПСЖ жаңа ойыншыларын таныстырды

Жанкүйерлер Лионель Мессиді енді «Пари Сен-Жермен» құрамынан көретін болады. Жұлдызды ойыншыны таныстыру рәсімі «Парк де Пренс» стадионында өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. ПСЖ клубы бұл күні аргентикалық футболшыдан бөлек, тағы төрт жаңа ойыншымен толықты. Олардың қатарында итальяндық қақпашы Джанлуиджи Доннарумма, испан қорғаушысы Серхио Рамос, мароккалық қорғаныс ойыншысы Ашраф Хакими және голландиялық Хавбек Джорджиньо Вейналдум бар.

Айта кетерлігі, Месси мен өзге екі ойыншы құрама сапында бірден өнер көрсетпейді. Форма алғаннан кейін ғана, яғни 29 тамызда дебют күтетін боламыз. Дәл сол күні олар Франция чемпионатының төртінші туры аясындағы көшпелі матчта «Реймс» командасымен ойнайды. Мессидің Франция клубына еркін агент ретінде алынғанын еске саламыз. Ал келісімшарт 2023 жылдың маусымына дейін жасалды. Кейін тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

«15 мың төлеймін, бірақ интернет жоқ»: депутат интернет сапасына шағымданды

Kaspi.kz Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды

Іздеуде жүрген төрт қазақстандық ҰҚК арнайы жасағының конвойымен елге жеткізілді

Қазақстанда медианалық жалақы 331 мың теңге болды