ПСЖ Мессидің арқасында қыруар табысқа кенелді

Шабуылшы Лионель Месси француздың «Пари Сен-Жерменіне» өтісімен, клуб аргентиналықтың аты жазылған футболка сатудан өзіндік рекорд жасапты.

Алматы, NEGE. Клуб директорларының бірі Мар Армстронгтің сөзінше, 34 астағы футболшы париждік клубқа келісімен оның аты жазылған миллионға жуық футболка сатылған. Ал пандемия болмағанда бұл көрсеткіш еселене түсер еді.

«Месси – қаржылық тамаша актив. Біздің түсімге керемет әсер етуде. Біздің спорттық өнімге сұраныс орасан. Егер көбірек футболка тіге алсақ, бұнан да көбірек сатар едік», – дейді Армстрон.

Сонымен қоса Мессидің трансфері арқасында париждік клуб жаңа серіктестер мен демеушілер тарта алған екен. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр