Прокурорлар Костенко шахтасындағы апатқа айыптыларға ең қатаң жаза сұрады
Қарағандыда Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа қатысты сот процесі аяқталуға жақын.
Алматы, NEGE. Апат 2023 жылы күзде болған. Жер асты жұмыстарында 46 шахтер қаза тауып, 20-ға жуық адам мүгедек болып қалды.
Сот процессі ерекше жағдайда — тергеу изоляторының спорт залында өтіп жатыр. Айыпталушылар қатарында он адам бар: шахтаның басшылары мен мамандары. Олардың тоғызы екі жылдан астам уақыт изоляторда отыр, біреуі — үй қамағында. Оларға тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны, екі немесе одан көп адамның өліміне себеп болғаны үшін айып тағылып отыр (ҚК РК 277-бабы, 3-бөлімі). Жаза мерзімі — үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Прокурорлар шахта директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Вадим Ереминге, бас инженер Николай Грозновқа және №6 учаске бастығы Виктор Коптенковке 8 жыл, техникалық қызмет бойынша бас инженердің орынбасары Владимир Гонноченкоға, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі бас инженердің орынбасары Дмитрий Федоренкоға, бас механик Дмитрий Коцарьға, шаң мен жарылысқа қарсы қорғаныс бойынша учаске бастығының көмекшісі Виталий Пестрякқа, конвейерлік көлік учаскесінің бастығы Төлеген Ғабдүшевке — 7 жыл, ал желдету және қауіпсіздік техникасы учаскесінің бастығы Владимир Шишкановқа 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
Мемлекеттік айыптаушылар сондай-ақ тергеу изоляторында өткізілген уақытты жазаны өтеу мерзіміне қосуды сұрады. Айыпталушылардың көбі тергеу изоляторында 1 жыл 8 ай отырған, бұл шартты түрде 3,5 жылға тең.
Прокурор Адил Садықов барлық айыпталушылардың кінәсі дәлелденгенін атап өтті.
"Костенко шахтасында сулау және сылау жұмыстары талапқа сай жүргізілмеген, скребкалар мен гребенкалар жиі істен шыққан, метан газының концентрациясы белгіленген нормадан асып кеткен. 2023 жылдың қыркүйегінде өндіру учаскелерінде бірнеше мәрте жану оқиғалары тіркелген. Бірақ жабдықтарды жөндеудің орнына, оларды көмір өндіруде пайдалануды жалғастырған. Жарылыстан кейін қауіпсіздік мақсатындағы сланцты қалқандар жұмыс істемеген. Дегенмен, он айыпталушының ешқайсысы болған жағдайдан хабарсызбыз деп отыр. Бұл қалай?" - деді прокурор соттағы сөзінде.
Садықовтың айтуынша, айыпталушылардың кінәсін 250-ден астам куәгердің жауабы, сараптама қорытындылары, үкіметтік комиссия актілері, диспетчерлік жазбалар мен басқа да дәлелдер растайды.