Прокурор Төлесованы бір жылға соттауды сұрады
Прокурор Ерлан Құланбаев Әсия Төлесованы бір жылға соттауды сұрады.
Бұған қоса, соттан 80 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (шамамен 222 мың теңге немесе 528 доллар) айыппұл төлетуді өтінді.
Алматы, NEGE. Алматының Медеу аудандық сотында белсенді Әсия Төлесованың ісі қаралып жатыр. Оған "Билік өкілін қорлады" және "Билік өкіліне күш қолданды" деп айып тағылып отыр.
Прокурордың айтуынша, Төлесова "қоғамға қауіпті қылмыстық әрекет жасаған, кінәсі толығымен дәлелденген және кешірім сұрағанына қарамастан оның істеген әрекетіне өкінгені байқалмаған". Жәбірленуші алты полицей де прокурордың бұл сөзін қолдады.