Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрады.

Алматы, NEGE. «Гүлмира Сатыбалдыны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тануыңызды сұраймын
389-баптың 4-бөлігі бойынша – мүлкі тәркіленбестен 6 жыл, 28-баптың 3-бөлігі бойынша – 8 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Жеңілдетілген жазаны неғұрлым қатаң жазаға қосып, Сатыбалдыға мүлкін тәркілеусіз 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», - деді прокурор Азамат Сәрсембаев.