31 октября 2022 г. 14:42

Прокурор Бақытгүл Хаменованы 7 жылға қамап, «Құрмет» орденінен айыруды сұрады

Фото:

Бүгін, 31 Қазанда Прокурор Лаура Асанова айыптау сөзін оқыды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Алматы, NEGE. Прокурор Лаура Асанова облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға мүлкін тәркілей отырып,  белгілі бір мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Мерзімді өтеу орташа қауіпсіздік мекемесінде анықталсын. Сондай-ақ, Хаменова "Құрмет" орденінен айырылсын. Хаменованы қамауда ұстау уақытына қарай жаза мерзімі 1,5 күн үшін 1 күн есебінен қамауда ұсталсын. Сотталушыда кәмелетке толмаған баланың болуына байланысты жазаны үш жылға дейін кейінге қалдыруды сұраймын", - деді прокурор. 

Сондай-ақ, прокурор облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевке орта қауіпсіздік мекемесінде 7 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал, пара берді деп күдіктелген Адамовқа орташа қауіпсіздік мекемесінде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын ұсынды.

Тегтер: