Прокурор журналист Думан Мұхаммедкәрімді 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор журналист Думан Мұхаммедкәрімді 7 жылға бостандығынан айыруды және оған 3 жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салуды сұрады, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Бұл жөнінде оның адвокаты Мұрат Жолшиев хабарлады.

«Не дейді?» YouTube-арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрім «экстремизмді қаржыландырды» және «тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты» деген күдікпен былтыр маусымда қамауға алынған. Іске журналистің шетелде тұратын «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысының жетекшісі, оппозиционер Мұхтар Әблязовтан алған сұхбаты себеп болған. Журналистің өзі және адвокаттары іс қозғалған сәттен бастап тағылған айыпқа келіспеді. 

Қонаев қаласында өтіп жатқан сотта бүгін жарыссөз басталды. 

Қазір оқып жатыр

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Қазақстан Иранға 30 вагон гуманитарлық көмек жіберді