5 мая 2025 г. 17:50
Прокурор Ерлан Қожағапановты 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың ісі қаралып жатыр.
Алматы, NEGE. Сот талқылауында прокурор Арман Қызыкен бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановты кінәлі деп танып, 7 жыл жазасын режимі орташа түрмеде өтеуді сұрады.
Сондай-ақ прокурор Қазақстан Президентіне Қожағапановты мемлекеттік наградаларынан, 2-дәрежелі «Айбын» орденінен және «кеден қызметінің полковнигі» арнайы атағынан айыру туралы ұсыныс енгізуді сұрады.
Шенеунікке Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы («Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану») бойынша айып тағылды.