Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Астанада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша прокурор Олжас Хайруллаев соттан оларды 4 жылға бас бостандығынан айыруды және мүлкін тәркілеуді сұрады.

instagram.com/zhanabylov_e

Астана, NEGE. Сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев айыпталушылардың әрекеті қоғамға елеулі қауіп төндіретінін атап өтті. Оның айтуынша, тергеу барысында Жанабылов пен Төлегенованың заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, аса ірі көлемде 247 миллион теңге табыс тапқаны, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны дәлелденген.

Айыпталушылар кінәні ішінара мойындағанымен, мемлекеттік айыптаушы олардың шынайы өкініш білдірмегенін және келтірілген залалды өтеу бағытында нақты қадам жасамағанын атап өтті.

Прокурор екі айыпталушыны да 4 жылға бас бостандығынан айыруды және жазаны қауіпсіздігі төмен мекемеде өтеуді сұрады.

Жанабыловқа қатысты бұлтартпау шарасын қатаңдатып, үйқамақтан қамауға алуды және оны сот залынан бірден күзетпен ұстауды сұрады.

Ал Төлегеноваға қатысты үкімнің орындалуын бір жылға шегеруді ұсынды. Сонымен қатар оның бұлтартпау шарасын үйқамақтан ешқайда кетпеу туралы қолхатқа өзгертіп, үкім заңды күшіне енгеннен кейін 10 күн ішінде пробация қызметіне тіркелуді міндеттеу ұсынылды.

Жеңілдететін мән-жай ретінде екі айыпталушының да кәмелетке толмаған үш баласының бары ескерілді. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды