Прокурор ерлі-зайыпты Жанабыловтармен қандай келісімге келді?

Ерлі-зайыпты Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев сотталушылардың кінәсін мойындап, 247 млн теңгеден астам залалды өтегенін ескеріп, жеңіл жаза сұрады.

nege.kz

Астана, NEGE. Прокурор Олжас Хайруллаевтың айтуынша, айыпталушылар өз кінәсін толық мойындап, келтірілген 247 653 229,5 теңге көлеміндегі шығынды толық өтеген. Сондай-ақ жасаған әрекеттеріне өкініш білдірген.

Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, бұл келісім Қылмыстық кодекстің 616-бабы негізінде жасалған. Осыған байланысты ол Ерболат Жанабыловқа түпкілікті шартты түрде 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын белгілеуді, мүлкін тәркілеуді және пробациялық бақылау тағайындауды сұрады.

Ал оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға прокурор 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды және олардың кішкентай үш ұлы барын ескеріп, жазаны орындау мерзімін 2 жылға кейінге қалдыруды ұсынды.

Еске салайық, Қаржы мониторингі агенттігі Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованы заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысты және қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастырды деп айыптап отыр. Тергеу нұсқасына сәйкес, 2025 жылы олар онлайн-курстар сату деген желеумен заңсыз лотерея ұйымдастырып, қымбат сыйлықтар ойнатқан.

ҚМА мәліметінше, блогерлер сатқан курстардың нақты құндылығы жоқ. Ал жүлделер блогерлердің жеке қаражатына емес, осы курстарды сатудан түскен ақша есебінен алынған.

Қазір оқып жатыр

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

Балалар лагерьлерін енді ескертусіз тексереді