Прокурор әуежай қызметкерін кепілге алған ер адамды 10,5 жылға соттауды сұрады

Алматы әуежайында адамды кепілге алу ісі бойынша сот отырысында жарыссөз өтті.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Жәбірленуші Ботагөз Мұхтарова 2025 жылғы 7 наурыз күні тексеру қызметінің инспекторы ретінде жұмысқа шыққанын айтты. Оның сөзінше, тексеру бекетіне келген М.Баратовтан жеке куәлігі мен ұшаққа отырғызу талонын сұрағанда, ол "үш минуттан соң әуежайды жарып жіберемін" деп қорқытқан.

Прокурор Алмас Бертаев сотталушының кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтары, сондай-ақ бейнежазбалар арқылы толық дәлелденгенін мәлімдеді.

Ол Машрапбек Баратовты кінәлі деп танып, келесі жазаны тағайындауды сұрады: «Кепілге алу» бабы бойынша – 8 жыл; «Қару қолдану арқылы бұзақылық» бабы бойынша – 4 жыл 8 ай; «Террористік акт туралы көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша – 2 жыл 6 ай.

Барлық жазаларды жиынтықтап, ақырғы жаза ретінде 10 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруды ұсынды.

Соңғы сөзінде Машрапбек Баратов жәбірленушілерден кешірім сұрап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді. Сондай-ақ соттан өзінің зейнет жаста екенін ескеруді сұрады.
Үкім 16 шілде күні сағат 16:00–де жарияланады.

Қазір оқып жатыр

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды