Прокуратура ұшақтың апатты жағдайда қонуына қатысты қылмыстық іс қозғады

23 ақпанда аталған факт Көліктегі ПД-нің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 344-бабының 3-бөлігі, яғни абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әуе көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу бойынша тіркелді.

Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта ҚР Бас көлік прокуратурасының қадағалауымен осы іс бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.