Прокуратура «Jusan» тобын Қазақстанға қайтаруды көздеп отыр

Алматыда сот «Pioneer Capital Invest» ЖШС мен Jusan Technologies Ltd арасындағы «First Heartland Jusan Bank» АҚ-ның, сондай-ақ онымен байланысты ұйымдардың активтерін шетелдік юрисдикцияларға беру туралы мәмілені жарамсыз деп тану туралы арыз бойынша азаматтық іс қозғады.

Алматы, NEGE. Прокуратура жүргізген талдау барысында «Jusan» тобының активтерін басқару құрылымын өзгертудің көлеңкелі схемасы анықталған. Топтың қызметін бақылау құзіреті шетелде тіркелген ұйымдарға өтеусіз берілген.

Істің сотта қаралуы Jusan Bankтің жұмысына әсер етпейді, ол қалыпты жағдайда жұмысын жалғастыратын болады.