Прокуратура: Алматыда 147 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазылған

Өткен жылы Алматыда ақшаны заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырумен байланысты 82 құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Оның ішінде 3 ұйымдасқан қылмыстық топ әрекет еткені анықталды. «Қолма-қол ақшаға 147 млрд теңгеден астам сомаға жалған шот-фактуралар жазылды. Бюджетке төленбеген салық 29 млрд теңгеден асты. Сотқа 65 іс жолданып, 11 тұлға жазаланды. Салық органдары соттарға қолма-қол ақша компаниялары мен олардың контрагенттері арасындағы мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы 165 талап арыз енгізді. Олардың 62-сі бойынша 11 млрд теңгеге қанағаттанарлық шешімдер шығарылды», - деді қалалық прокуратурадан.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады