19 августа 2022 г. 19:05
Профессорлар қыздарға зорлық көрсеткен: Назарбаев Университетінде тексеріс басталды
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жас қыздың бейнеүндеуі анықталды, деп хабарлайды ІІМ телеграм каналы.
Алматы, NEGE. Ол Назарбаев Университетінің профессорлық-оқытушылық және техникалық персоналы тарапынан қысым көрсету және зорлау жағдайлары, сондай-ақ жоғары курс студенттерінің төменгі курс қыздарына қысым көрсету фактілері жайында мәлімдеді.
Бұл бейнежолдау "Есіл" ауданының Полиция басқармасында тіркелді. Полиция қызметкерлері қазір тексеру жүргізуде.