20 мая 2025 г. 15:05

Президенттің тапсырмасы бойынша «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы дайындалады

Фото: Ақорда

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасын әзірлеу туралы тапсырмасын орындау мәселесін көтерді.

Астана, NEGE. Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайда «Қазақстан балалары» бағдарламасын дайындауды тапсырды.

Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бағдарламаны сапалы дайындау үшін тиісті мемлекеттік органдармен, сарапшылармен, сондай-ақ үкіметтік емес сектор өкілдерімен бірлесіп арнайы жұмыс тобы құрылғанын баяндады.

«Бүгінгі таңда жұмыс тобына көптеген ұсыныстар мен пікірлер келіп түсуде, олардың негізінде қолжетімді білім беру, денсаулық сақтау және қауіпсіздікке қатысты бағдарламаның жеті негізгі бағыты айқындалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Оқу жылы басталғанға дейін бағдарлама дайындалады»,

 — деп атап өтті министр.