21 июля 2025 г. 11:41

Президенттің тапсырмасы: «Бағанашылдағы» балалар үйі Қонаев қаласына көшірілмейді

Фото: 2gis

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

Астана, NEGE. «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді», - деп жазды Руслан Желдібай.

Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады.