Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

Мемлекет басшысының «Ақжан» атты ақалтеке тұқымды сәйгүлігі шетелдік борттық журналдардың назарын аударды, деп жазады Kazinform.

Akorda

Астана, NEGE. Ресейдің «Россия» әуе компаниясының мамыр айындағы журналында «Ұлы даланың аспани жылқысы» атты материал жарияланды. Онда Президентке сыйға тартылған Ақжанның ерекшелігі, тектілігі мен сирек жаратылысы туралы жазылған.

Бұған қоса, Ақжан туралы мақала Қытайдың Wings of China журналында да жарық көрді.

Мақалаларда Ақжанның таза қанды ақалтеке екені, сондай-ақ оның есімі қазақ тілінен аударғанда «жаны таза» деген мағына беретіні жазылған.

Шетелдік журналистерді әсіресе тұлпардың ақсары түсі таңғалдырған. Мамандардың мәліметінше, әлемдегі ақалтеке жылқыларының небәрі 3 пайызы ғана осындай ерекше реңкке ие.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай жарияланымдар Қазақстанның мәдени имиджін халықаралық деңгейде насихаттауға ықпал етеді. Өйткені борттық журналдарды әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер мен кәсіпкерлер оқиды.

Қазір оқып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты