Президенттің інісі қамалды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың інісі Ұлан Жапаров ұсталды.

ғаоамтордан

Алматы, NEGE. Ол ірі көлемеде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Бішкектің Первомайский аудандық соты берген ақпаратқа сәйкес, сот 21 маусымда Бішкек бойынша МҰҚК ММ тергеушісінің өтінішін қанағаттандырып, Ұлан Жапаровты 19 тамызға дейін қамауға алуға шешім қабылдады.

Қолда бар мәліметтер бойынша, Жапаровты Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстады. Ол Қырғызстан президентінің өкілетті өкілін облыстардың біріне тағайындауға уәде беріп, ол үшін 100 мың АҚШ долларынан астам сыйақы алды деген күдікке ілінді. Алайды ол уәдесін орындамаған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр