15 августа 2025 г. 10:41

Президенттің қатысуымен ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясы басталды

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясы өтіп жатыр.

Астана, NEGE. Биылғы жиын «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналады.

Алаңға білім беру саласының 3000-нан астам өкілі жиналды. Мұнда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу, мектептер мен колледждерді жаңғырту, педагог мәртебесін арттыру мәселелері талқыланып жатыр.