Президенттің өкілеті кеңейтілді
Төтенше жағдай кезінде жедел шаралар қабылдау құжатпен бекітілді. Сенат бүгін заң жобасын қабылдады.
Алматы, NEGE. Қысылтаяң шақта қажетті шешім шығару үшін Президенттің өкілеттігі де кеңейді. Мемлекеттік басқарудың механизмі нақтыланды. Салық, бюджет, кеден, мемлекеттік сатып алу сынды салалардағы іс-шаралар толықтырылды. Заң бойынша төтенше жағдай кезінде қабылданған құқықтық актілер оның мерзімі біткенше жұмыс істейді. Кейін күшін жояды.