Президенттің қызы әкесіне жақындай түсті

«Сырткөз «Путиннің қызы» деп білетін, алайда өзінің президент әкесі елден жасырып жүрген «Иннопрактика» қорының басшысы Катерина Тихонова Ресей үкіметі жанындағы Денешынықтыру және бұқаралық спорт кеңесіне мүше боп кірді», – деп жазады «Би-би-сидің орыс қызметі».

Алматы, NEGE. Аталмыш кеңестің құрылуы мен оның құрамы жөніндегі қаулы Ресей үкіметінің ресми сайтында жарық көрген. Сондай-ақ, бұл кеңеске Ресей федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың кіші қызы Ксения Шойгу да мүше болып, ол кеңес жанындағы «ЗаБег.РФ» жартылай марафоны ұйымдастыру комитетінің басшысы ретінде тіркелген.

Құрамында 28 адамы бар кеңестің мүшелері кілең белгілі кісілердің балалары мен туыстары. Айта кету керек, рок-н-ролмен айналысатын Катерина Тихонова мен оның серіктесі Иван Климов бұған дейін Ресей, Еуропа және Әлем чемпионаттарында Ресей федерациясының атынан өнер көрсетіп жүр.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы