Президенттің баспасөз хатшысы Алаш мұрасын насихаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбук әлеуметтік желісінде Алаш қозғалысы тарихымыздың ерекше кезеңі екеніне тоқталып,
YouTube-те жүктелген “Беймәлім Алаш” цикілінің сілтемелерін жария етті. Оның бағалауынша, бұл – біздің халқымыз үшін өліара шақ, дәуір алмастырған тұс. Тарихтың осы кезеңі оны студент кезінен қатты қызықтырған.
Алматы, NEGE. «Сол қызығушылықтың бір жемісі “Беймәлім Алаш” деректі фильмдер циклі. Тәуелсіздіктен бері, Алаш тақырыбында қаншама зерттеу жасалды. Бірақ, көптеген адамдар ұзын саны жиырмаға тарта Алаштың басты адамдарын ғана біледі. Оның өзінде көп нәрсе ақтаңдақ қалпында. Біз қал-қадірімізше осы ақтаңдақтарды толтыруға тырыстық», – дейді Берік Уәли.
Президент баспасөз хатшысы YouTube желісіне жүктелген “Беймәлім Алаш” цикілінің сілтемелерін қоса жария етті.
“Беймәлім Алаш. Әлихан Бөкейхан”
“Беймәлім Алаш. Жүсіпбек Аймауытов”
“Беймәлім Алаш. Халел Ғаббасов”
“Беймәлім Алаш. Уәлитхан Танашев”
“Беймәлім Алаш. Айдархан Тұрлыбаев”
“Беймәлім Алаш. Бақтыгерей Құлманов”
“Беймәлім Алаш. Қайреддин Болғанбаев”
“Беймәлім Алаш. Райымжан Мәрсеков”
“Беймәлім Алаш. Қошмұхаммед Кемеңгер”
“Беймәлім Алаш. Тұрағұл Абайұлы”
“Беймәлім Алаш. Аққағаз Досжанова”
“Беймәлім Алаш. Қазы Нұрмұхаммедұлы”
«Сонымен Алаш тарихын түгендеген циклден жалпы 12 бөлім түсірілді. Екі бөлім өндірісте. Алаш қозғалысының ақтаңдақ тұстарын көре жүріңіздер. Сіздер үшін арнайы сілтемесін қоса салдым. Кеше ғана “Абай” арнасында “Беймәлім Алаштың” қайта беріліп жатқанын көріп қуанып қалдым. Шығармашылық ұжым болып, бізбен ұғыса жұмыс атқарған Ербол Алшынбай бастаған жігіттерге де алғыс», – дейді Берік Уәли.