Президенттіктен уақытша кету

Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагва

дәстүрлі үшапталық еңбек демалысын алып, президенттік құзыретін өзінің екі вице-президент орынбасарына уақытша табыстап кетті.

Алматы, NEGE. Зимбабвелік БАҚ президенттің қалай дем алатындығын, қандай жерлерді аралап, кімдермен жолығуы мүмкін екендігі жөнінде және нендей істермен айналысатындығы туралы жазуда.

Мнангагваның еңбек демалысының алғашқы бір жарым аптасында вице-президент Константино Чивенга елде уақытша президент бола тұрады. Одан кейінгі екінші бір жарымдық аптада Кембо Мохади «президент». Әзірге Чивенга жұмыс сапарымен Қытайда жүр.

Қаңтардың соңына дейін демалыста болатын Мнангагва еңбек демалысын Зимбабведен шықпай өткізеді екен. Естеріңізде болса, өткен жылдың қаңтарында ол Қазақстанға ресми сапармен келген болатын.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен