Президенттік кадр резервіне жаңа іріктеу басталмақ
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Президенттік Жастар кадрлық резервіне екінші рет іріктеу жүргізілетінін айтты
.
Алматы, NEGE. «Резервке 35 жастан аспаған, 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін еркін меңгерген азаматтар қатыса алады. Резервтің мақсаты - мемлекеттік қызмет саласында трансформациялық көшбасшыларды дайындау», - деді Жайылғанова.
Анар Жайылғанова Twitter желісіндегі парақшасында өткен аптада Президент тиіс Жарлыққа қол қойғанын хабарлады. Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеу жазда басталмақ.