Президентті өлтіріп кетті

Гаити президенті Жовенель Моиздің резиденциясына шабуыл жасалды, ел басшысы ауыр жарақат алып, қаза болды.

Алматы, NEGE. Gazette Haiti порталының мәліметінше, елдің премьер-министрі Клод Джозеф шабуыл сәрсенбіге қараған түні жасалғанын хабарлады. Испан тілінде сөйлеген белгісіз қарулы адамдар президенттің резиденциясына шабуыл жасаған.

Шабуыл кезінде президенттің әйелі де зардап шекті.