Президентті Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуына шақырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысуға шақыруын алды, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Нұр-Сұлтан, NEGE. "Қазақстан Президенті ҚХР Үкіметінің Еуразия елдеріне қатысты істер жөніндегі арнаулы өкілі Ли Хуэйді қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайтудың перспективалары талқыланды. 

Қытайлық дипломат Қазақстан Президентіне келесі жылы Бейжіңде өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысуға шақыруын табыстады", - делінген ресми сайтта.

Айта кетерлігі, Қытай астанасы Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді